Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады.
Кеңсенің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы белгілейді.
Кеңсенің миссиясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қызметін және оның мәртебесін іске асыруды ақпараттық-талдамалық, құжаттамалық, ұйымдық-протоколдық және өзге де түрде сапалы және уақтылы қамтамасыз ету болып табылады.
Кеңсенің негізгі міндеті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесі мен өкілеттіктерін іске асыруды, оның ішінде:
- Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік құрылыстың, елдің ішкі және сыртқы саясаты мен қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері бойынша бастамалар жасау
- Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның Палаталарының алдында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеу
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және (немесе) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы айқындайтын өзге де өкілеттіктер бөлігінде қамтамасыз ету
Байланыс:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесіне жеке және заңды тұлғалардың жазбаша жолдаған өтініштері курьерлік жеткізу қызметтері арқылы жіберіледі (Қазпошта» АҚ, «Exline», «Pony Express», «Avis Logistics» курьерлік компаниялары және т.б.).
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесіне жеке тұлғалардың электронды түрде жолдаған өтініштері электронды үкіметтің egov.kz порталындағы «eOtinish» қызметі арқылы жіберіледі.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесіне заңды тұлғалардың электронды түрде жолдаған өтініштері электронды үкіметтің egov.kz порталы арқылы жіберіледі.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің office@elbasy.kz электронды поштасына тіркеу мен жауап алуды қажет етпейтін хаттар ғана (құттықтау, шақырту хаттар және т.б.) жіберіледі.