ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА «ТУҒАН КҮНІҢМЕН, ЕЛОРДА!» БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІ ӨТЕДІ

2019 жылдың 4 шілдесінде сағ. 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Бала және мәдениет» жобасының аясында қаламыздың ең кішкентай  арналған «Туған күніңмен, Елорда!» балалар мерекесі өтеді.

Елбасы кітапханасы жыл сайын қала күніне орай қалалық Білім басқармасына қарасты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен балалар мерекесін ұйымдастыруды игі дәстүрге айналдырған. Биылғы мерекелік іс-шара № 35 «Ертегі»,  № 72 «Жанарым» балабақшасының ұжымдарымен бірлесіп дайындалды. Мерекеге Білім басқармасының әдіскерлері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, балабақшаның тәрбиеленушілері мен ата-аналары қатысады.

Достық пен жылулықтың таңғажайып әлемі, мерекенің ерекше атмосферасы бүлдіршіндерді елордада өтіп жатқан тарихи оқиғалардың бөлшегіндей сезіндіріп, өз қаласы мен еліне деген мақтанышы мен сүйіспеншілігін қалыптастырады.

Мереке барысында әдеби-сазды композициялар, сахналандырылған көріністер, би қойылымдары көрсетіледі. Бұл еліміздің бас қаласына арналған балалардың көңілді, жарқын, қуанышты күлкілері мен шаттыққа толы дауыстарымен есте қалар мереке болмақ.

Бүлдіршіндерге ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар мен елорда аспанына шарлар ұшыру қарастырылған.