«КРОК ДА ПЕРАМОГI» («ЖЕҢІСКЕ ҚАДАМ») СУРЕТ КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУЫ

2019 жылғы 2 шілде күні, 16.00 сағатта Қазақстан Республикасының Астана күні және Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күні мерекелері қарсаңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының музейі ғимаратында (Бейбітшілік көшесі, 11) «Крок да Перамогi» («Жеңіске қадам») сурет көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Беларусьті неміс-фашистік басқыншылардан азат етудің 75-жылдығына арналған көрме Елбасы кітапханасының «Мәдениет арқылы үн қатысу» халықаралық жобасы аясында Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының Елшілігімен бірлесе Нұр-Сұлтан қаласындағы Ресей ғылым және мәдениет орталығы Өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

«Жеңіске қадам» көрмесінде петербургтік фотосуретші Сергей Ларенковтың 40-тан астам жұмысы ұсынылады.

Сергей Ларенков  – Ленинград құрсауын, әскери Мәскеу, батыр-қалалар: Киев, Одесса, Севастополь, Керчь, Минск, Брест, Жеңісті қарсы алған қалалар: Берлин, Прага, Вена туралы баяндайтын сурет реконструкцияларының көптеген топтамаларының авторы болып табылады. Жақын арада болатын көрменің экспозицияларында Минск және Брест туралы сурет реконструкцияларының екі топтамасы қойылатын болады.

«Жеңіске қадам» көрмесі  2019 жылғы 2 тамызға дейін жалғасады.