ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Құрметті қазақстандықтар!

Қазақстан биыл қастерлі Тәуелсіздігінің 28 жылдығын мерекелеуде.

Егеменді еліміз өткен бұл жылдарды қазіргі табыстарымызға өз үлесін қосқан қазақстандықтардың ерен еңбегінің, төзімділігі мен батылдығының кезеңі деуге болады.

Осы жылдар жас мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін сынға салды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салған қазақстандық жолын, бірлік пен тұрақтылықтың үлгісін төрткүл дүние мойындады. Миллиондаған отандасымыз сындарлы кезеңде ерлік пен елдіктің үлгісін танытты. Көпұлтты халқымыздың бірлігі және ынтымағы арқасында Қазақстанның Тәуелсіздік тұғыры бекіді.

Сіздерді еліміз үшін тарихи маңызды және мерейлі ұлттық мереке –Тәуелсіздік күнімен шын жүрегімізбен құттықтап, мықты денсаулық, ел мүддесі жолындағы жұмысыңызға табыс, отбасыңызға бақ-береке тілейміз!