1999 ж. |
19 қаңтар – Президенттікке кандидат Н.Ә. Назарбаевты қолдау үшін Қоғамдық штабты «Отан» Республикалық партиясына қайта құру 12 ақпан – «Отан» Республикалық саяси партиясы» ҚБ тіркеу 1 наурыз – «Отан» РСП-ның I құрылтай съезі. «Отан» РСП-на Қазақстанның Халық бірлігі партиясының, Қазақстанның демократиялық партиясының, Қазақстанның либералдық қозғалысының, «Қазақстан – 2030 үшін» қозғалысының кіруі 18 тамыз – «Отан» РСП-ның кезектен тыс II съезі |
2000 ж. |
4 қаңтар – «Жас Отан» партиясы Жастар қанатының құрылуы |
2001 ж. | 20 сәуір – «Отан» РСП-ның III съезі (Отан). «Отан» РСП-ның доктринасын қабылдау. |
2002 ж. | 9 қараша – «Отан» РСП-ның кезектен тыс IV съезі. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған партиялық бағдарламаны бекіту. Қазақстанның Халықтық-кооперативтік партиясының, республикалық саяси Еңбек партиясының «Отан» РСП-ның құрамына кіруі |
2003 ж. | 12 шілде - «Отан» РСП-ның кезектен тыс V съезі |
2004 ж. |
12 наурыз – «Отан» РСП-ның кезектен тыс VI съезі 18 шілде – «Отан» РСП-ның кезектен тыс VII съезі |
2005 ж. |
31 мамыр – «Отан» партиясы Орталық аппаратының Алматыдан Астанаға көшуі 9 қыркүйек - «Отан» РСП-ның кезектен тыс VIII съезі |
2006 ж. |
4 шілде – «Отан» РСП-ның кезектен тыс IX съезі, «Асар» партиясымен бірігуі 22 желтоқсан – «Отан» РСП-ның кезектен тыс Х съезі. Азаматтық және Аграрлық партиялардың қосылуы. «Отан» РСП-ның атауы «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы болып өзгертілді |
2007 ж. |
4 шілде – «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс XI съезі 11 қыркүйек – «Нұр Отан» ХДП-ның Парламентаризм институтын құру (қазіргі – «Нұр Отан» ХДП-ның Стратегиялық бастамалар институты) |
2008 ж. |
3 наурыз – партия жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес құрылды 14 мамыр – «Жас Отан» Жастар қанатының I съезі 25 қараша – партияның Орталық аппаратының Партиялық бақылау комитеті құрылды (қазіргі – Партиялық бақылау қызметі) |
2009 ж. | 15 мамыр – «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс XII съезі |
2010 ж. |
26 мамыр – «Нұр Отан» ХДП-ның Жоғары партия мектебі құрылды (қазіргі – «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент академиясы) |
2011 ж. |
12 қаңтар – «Қазақстан – 2020» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы құрылды (қазіргі – «Қазақстан 2050») 11 ақпан – «Нұр Отан» ХДП-ның XIII съезі 25 қараша – «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс XIV съезі |
2012 ж. |
16 қараша – «Жас Отан» Жастар қанатының II съезі 14 желтоқсан – ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы |
2013 ж. |
18 қазан – «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс XV Съезі. Партия доктринасын қабылдау. Партия ребрендингі: «Нұр Отан» ХДП атауын «Нұр Отан» партиясына ауыстыру |
2014 ж. |
11 қараша – «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауын Қазақстан халқына жолдаған, «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы бекітілген |
2015 ж. |
11 наурыз – «Нұр Отан» партиясының XVI съезі 9 сәуір – «Жас Отан» Жастар қанатының кезектен тыс III съезі |
2016 ж. |
29 қаңтар – «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі» |
2017 ж. |
3 қараша – партияның жаңғыртуына бастау берілген партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы |
2018 ж. |
28-29 наурыз – «Жас Отан» Жастар қанатының IV съезі 1 маусым – партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы 15 қараша – бастауыш партия ұйымдарының I форумы |
2019 ж. |
27 ақпан – «Nur Otan» партиясының XVIII съезі. Партияның ребрендингі. Партияның 2030 жылға дейінгі «Әл-ауқаттық қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты жаңа бағдарламасын қабылдау 23 сәуірде «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XIX съезі өтті. Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының атынан Президенттікке кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынып, оны 623 делегат бірауыздан қолдады. |